Медиа орталық

Қарағанды облысында 7 айда 2,2 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

Қарағанды облысында 7 айда 2,2 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

Қарағанды облысында экономика өсімі жалғасуда. Өңдеу өнеркәсібінде оң динамика байқалуда, онда жыл басынан бері өсім шамамен 6%-ды құрады.

Аппараттық кеңесте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары шығарылды.

– Биылғы жеті айда экономиканың нақты секторының барлық базалық салаларында өсім қамтамасыз етілді: өнеркәсіпте – 1,6 %, ауыл шаруашылығында – 0,9 %, құрылыста – 0,3 %. Ішкі сауда көлемі 3,5%- ға, көлік саласындағы қызметтер 2,8%-ға өсті, – деп баяндады экономика басқармасының басшысы Татьяна Аблаева.

Есептік деректер бойынша, өнеркәсіптік кәсіпорындар 2,2 трлн теңгенің өнімін шығарды. Өңдеу өнеркәсібінде тазартылған алтын мен күмістің, тазартылған мыс өндірісі артты.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 320,2 млрд теңгені құрады. Жыл соңына дейін екі мыңға жуық жұмыс орнын ашатын 11 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.

Жеті айда облыста 254,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді – 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1%-ға артық.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8,7 % өсіммен 84,5 мың бірлікке жетті.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек оң динамиканы сақтау және барлық жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша тапсырмалар берді.

Дереккөз: Қарағанды облысының әкімдігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге