Медиа орталық

Жыл басынан бері Қарағанды облысының АӨК саласында 22 инвестициялық жоба іске асырылды

Жыл басынан бері Қарағанды облысының АӨК саласында 22 инвестициялық жоба іске асырылды

Биылғы жылдың 8 айында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 16,2 млрд. теңге инвестицияланды, азық-түлік өндірісіне – 868,8 млн. теңге жұмылдырылды. Жоспарланған 31 инвестициялық жобаның 22-сі іске асырылып, 359 жұмыс орны ашылды.

Бұл туралы Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сырым Бошпанов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.


АӨК инвестициялық жобаларының Жол картасына сәйкес 2022 жылдан бастап 2026 жылды қоса алғанда 3123 жаңа жұмыс орнын құрумен 141 млрд теңге сомасына 72 жобаны іске асыру жоспарланған. Биылғы жылы 502 жұмыс орнын құрумен 31 жобаны пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінгі таңда 22-і жүзеге асырылды: мал шаруашылығында – 5, өсімдік шаруашылығында – 15 және қайта өңдеу саласында – 2.

– Жобалар арасында мал шаруашылығы мен қайта өңдеу саласында жаңа өндірістерді құру және қолданыстағыларын жаңғырту, суармалы жерлерді қалпына келтіру және өсімдік шаруашылығында сақтау инфрақұрылымын дамыту секілді бағыттар бар. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге мемлекеттік қолдаудың арқасында қол жеткізілді. Жалпы, бүгінгі таңда АӨК тұрақты жұмыс істеуде. Барлығы өндіріс көлемін және олардың сапасын арттыруға бағытталған. Жыл соңына дейін барлық сала бойынша оң динамиканы сақтау міндетін қоямыз, – деп атап өтті Сырым Бошпанов.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың 8 айында облыста 772 бірлік сатып алынды.

Дереккөз: Қарағанды облысының әкімдігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге