Жетістік тарихы

Ақтауда PCM компаниясының (Франция) сорғы жабдықтарын өндіретін зауыты іске қосылды

2022 жылғы 29 маусым – Ақтауда «PCM Kazakhstan» ЖШС (PCM Europe S.A.S. еншілес ұйымы) мұнай-газ секторына арналған сорғы жабдықтарын өндіретін зауыттың ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатына «S.A.S. PCM EUROPE» бас директорының орынбасары Фредерик Гарде, «PCM Kazakhstan» ЖШС бас директоры Берік Жансат, Францияның Қазақстандағы Елшілігінің экономикалық мәселелер жөніндегі атташесі Венсан Берже, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров, «Ақтау теңіз порты» АЭА Басқарма төрағасының орынбасары Бағлан Кеңпейілов және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ атынан Еуропа елдерімен ынтымақтастық жөніндегі жетекшісі Анара Мекебаева мен Маңғыстау облысы бойынша өңірлік директоры Айдын Тұмышев қатысты.


Әлемнің 30 елінде ұсынылған PCM компаниясының мұнай-газ саласында 90 жылдық тарихы бар. Жалпы, холдинг бүкіл әлем бойынша 400 000-нан астам сорғыларды орнатып, оынң 3000 құрлық пен теңіз платформаларында орналасқан.

Жоғары экспорттық әлеуеті бар Ақтау қаласындағы зауыттың ағымдағы өндірістік қуаты жылына 800-ге дейін бұрамалы сорғылар мен 200 жетек шығаруға мүмкіндік береді, бұл 15 жұмыс орны ашылады деген сөз. Екінші кезеңге өту кезінде өндірісті 1600 бұрамалы сорғыға және 400 жетекке дейін, тиісінше үшінші кезеңде жылына 2400 бұрамалы сорғы мен 600 жетекке дейін ұлғайту көзделеді, бұл қосымша 100 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. PCM стандарттарына сәйкес қызметкерлер Франция, Канада, Австралия және Оманда орналасқан дайындық орталықтарында оқып-жаттығып, біліктілігін арттырады.


«PCM Kazakhstan» ЖШС мұнай-газ секторына арналған жабдықты өндіріп ғана қоймай, болашақта тау-кен, тамақ, химия өнеркәсібі сияқты және де тағы басқа индустриялар үшін агрегаттар өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.


Зауыт KAZAKH INVEST және Қазақстанның Франциядағы елшілігінің қолдауымен іске қосылды және жергілікті атқарушы органдардың белсенді ат салысуымен жүзеге асырылды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге