(ОКЭД: «10.39 Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеудің және консервілеудің басқа түрлері, 10.39.0 Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеудің және консервілеудің басқа түрлері»)
ӘЛЕМДІК НАРЫҚ
2024 жылы өңделген және консервіленген жемістердің әлемдік импорты 25,1 млрд АҚШ долларын құрады.
ӨҢІРЛІК НАРЫҚ
Соңғы бес жылда Қазақстан Республикасының нарығында өңделген және консервіленген жемістердің импортының өсуі байқалады.
Осылайша, дайындалған және консервіленген жемістер, жаңғақтар импорты 78,9% өсіп, 2024 жылы 141,9 млн АҚШ долларын құрады. Джемдер, жеміс желелері, мармеладтар, жеміс немесе жаңғақ пюресі мен пасталарының импорты 46,35% өсіп, 2024 жылы 31,2 млн АҚШ долларын құрады.
Қазақстан Республикасынан өңделген және консервіленген жемістер экспорты соңғы бес жылдағы өсімге қарамастан мардымсыз деңгейде қалуда.
Осылайша, дайындалған және консервіленген жемістер, жаңғақтар экспорты 2,9 есе өсіп, 2024 жылы 5,5 млн АҚШ долларын құрады.
Джемдер, жеміс желелері, мармеладтар, жеміс немесе жаңғақ пюресі мен пасталарының экспорты 3 есе өсіп, 2024 жылы 1,5 млн АҚШ долларын құрады.
ӨНДІРУШІЛЕР
Қазақстанда өндіріспен айналысатын бірнеше ғана компания бар:
-
«ECOproduct Kazakhstan» ЖШС (Талдықорған қ.) – табиғи көкөніс және жеміс консервілерін, шырындарды, тосаптарды, джемдерді, аджиканы шығарады. Жергілікті шикізатты пайдаланады, экологиялық таза және органикалық ингредиенттерге басымдық береді;
-
«FRUIT ART» ЖШС (Алматы қ.) – жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеумен айналысады;
-
«Golden Food Company» ЖШС (Алматы қ.) – қант-рафинад пен жеміс-көкөніс консервілерін шығарады;
-
«KAZAGROVISION» ЖШС (Түркістан обл.) – джемдер мен тосаптар, көкөніс маринадтары мен асортилер, салаттар мен уылдырық, шырындар мен компоттар шығарады;
-
«Berry Club» ЖШС (Алматы қ.) – химиялық қоспаларсыз, консерванттарсыз және стерилизациясыз жидектерден табиғи, суық тосап шығарады.
ШИКІЗАТ БАЗАСЫ
Қазақстанда өндірісте қолданылатын қант өндіру көлемі 2024 жылы 164,9 мың тоннаны құрады, ал ас тұзы мен таза натрий хлориді, тағамдық тұз – 2,2 млн тонна.
Қазақстанда әртүрлі жемістер мен жидектер өсіріледі, алайда дайын өнім өндіру үшін қажетті шикізаттың едәуір бөлігі Өзбекстан мен Қытайдан импортталады, себебі Қазақстанда концентраттар мен пюрелерді өндіру шектеулі.
Қазақстанда келесі қаптама материалдарын өндіру жолға қойылған:
-
Консервілеуге арналған банкалар, тығындар, қақпақтар және шыныдан жасалған ұқсас бұйымдар – 2024 жылы 482,4 млн дана;
-
Шыныдан жасалған бөтелкелер, банкалар, құтылар және басқа да ыдыстар, тығындар, қақпақтар, укупор құралдары – 2024 жылы 482,4 млн дана;
-
Гофрленген қағаз немесе картоннан жасалған қораптар, жәшіктер мен сөмкелер – 2024 жылы 123,5 мың тонна.
ӘЛЕУЕТТІ НАРЫҚТАР
Өңделген көкөністер, жемістер, жаңғақтар және өсімдік бөліктерінің көршілес және серіктес елдердегі жиынтық импорт көлемі шамамен 949,4 млн АҚШ долларын құрады. Ең үлкен үлеске Түркия (29,7%), Беларусь (18,7%) және Өзбекстан (16,8%) ие, олар бұл өнімдерді Қытай, Иран, Германиядан сатып алады.
БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТЫҚШЫЛЫҚТАР
-
Импортты алмастыру және өнімді экспорттау әлеуеті;
-
Инвесторлар мен кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау;
-
Жергілікті өндірістің шектеулі болуы;
-
Дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтына қызығушылықтың артуынан туындайтын сұраныс.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ
Инвестициялық преференциялар
-
Кедендік баждардан босату (импортқа 0% дейін 5 жылға);
-
Салықтық жеңілдіктер (ҚҚС, ККС, жер салығы, мүлік салығы – 0%);
-
Заттай гранттар (жер учаскелері, ғимараттар мен құрылыстар және т.б.);
-
Шетелдік жұмыс күшін тарту (ШЖК).
Арнайы экономикалық аймақтардың преференциялары
-
Салықтық преференциялар (ККС, жер салығы, мүлік салығы);
-
Кедендік преференциялар (шикізат пен жабдық импорттау);
-
Дайын инфрақұрылымы бар жер (жер учаскелерін өтеусіз жалға беру);
-
ШЖК жалдау рәсімін жеңілдету (квотадан тыс тарту).
Жай заттар экономикасы
-
Субсидиялау (ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі + 4,5%, қарыз алушыға түпкілікті мөлшерлеме 7%) сомасына шектеусіз;
-
Кепілдендіру (қарыздар бойынша 1 млрд теңгеге дейін – 50%, 3-тен 5 млрд теңгеге дейін – 30%).
ШОБ қолдау (www.damu.kz)
-
Шағын және орта кәсіпкерлік
-
Максималды сома: 3 млрд теңгеге дейін
-
Субсидия мөлшері: қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлеме 8%-дан 10%-ға дейін
-
Қарыз мақсаты: инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру, қайта қаржыландыру
Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау (www.damu.kz)
-
Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік
-
Максималды сома: 15 млрд теңгеге дейін
-
Субсидия мөлшері: қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлеме 8%-дан 10%-ға дейін
-
Қарыз мақсаты: инвестициялар